ҚМДБ қарасты Ұлытау облыстық өкілдігі, әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Жезқазған қаласында кішкентай шәкірттер арасында “Дұғам қабыл болсын!” атты рухани іс-шара өтті.
Бұл рухани іс-шараның мақсаты – кішкентай бүлдіршіндерге дұғаның құндылығы мен адам өміріне маңызын, хикметін сезіндіру. Қазақы атмосферада өткен бұл шара барысында қасиетті құран оқылды, қазақы күй күмбірлеп, дұғаның маңызы туралы уағыз айтылды. Шәкірттер арасында ойындар ойнатылып, көріністер қойылды.