«ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ ЖАСАЛДЫ

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ұлытау облысы өкілдігінде «Өмірге үміт сыйла» атты қайырымдылық өтті.

«Өмірге үміт сыйла» акциясы бойынша дертіне байланысты төсек тартып жатқан Жандос ағамыздың еміне 250 мың теңге көмек берілді. Жамағаттың жәрдемімен жиналған сомманы Мейіржан Мақатұлы табыстады.

Құранда Алла Тағала: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» деп баяндаған. Қайырымдылық  – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екенінен байқалады. Қандай жағдай болмасын, мұсылман баласы өзінің рухани құндылығын сақтап, қысылтаяң жағдайда еш өзгерместен, белгілі мақсатты көздемей халыққа қол ұшын созуы қажет. Игі іске атсалысқан барша азаматтарға Алла разы болсын!