ҚМДБ Ұлытау өкілдігіне қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен Жаңаарқа ауданы, «Халық» мешітінде «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясы өтті.
Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлының Жаңаарқа ауданына іс-сапары барысында қайырымдылық шарасы өтті. Қайырымдылық игі шара аясында Әділет Жұмабайұлының реабилитация еміне 500 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді. Алла Тағала игі іске қолғабыс танытқан барша жамағаттан разы болсын!