Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлының бастамасымен облыс аймағында «Көшпелі насихат» ұйымдастырылды.
«Көшпелі насихат» барысында Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы Жаңаарқа ауданы «Халық» мешітінде, Елдос Қуандықұлы Жәйрем мешітінде, Мейіржан Мақатұлы Қаражал мешітінде, Абылай Айқынұлы Жаңаарқа ауданы, «Ғайнуддин Тілеухан» атындағы мешітте насихат айтты. Жұма уағызы «Мұсылманның мұсылман алдындағы ақысы» тақырыбында өтті.