Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің бас имамы Еркебұлан Ермекұлы 15-мамыр Халықаралық отбасы күніне орай жастармен кездесті.
Медицина саласында оқып жатқан студенттермен болған кездесуде бас имам тәлім-тәрбиеге толы насихат жүргізді. Отбасы құндылықтары жөнінде сабақ боларлық насихат айтып, қасиетті Құран аяттары және Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі мен өсиеттерінен үлгі көрсеткен имам насихаты кездесу қонақтары үшін орны бөлек азық болды.