ОБЛЫСТЫҚ МЕДИА БӨЛМЕСІ ЖАБДЫҚТАЛДЫ

Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде Республикалық Munara TV арнасының және Ұлытау облыстық Fair.kz порталының медиа студиясы жабдықталды.

Ақпараттық технология уақытында діни-ағартушылық жұмыстарды онлайн түрде де насихаттау – өте маңызды іс. Өз кезегінде мешітте жабдықталған студия сапалы діни контент әзірлеуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта жаңа студиямызда уағыз-насихат, онлайн дәріс, Құран үйрену сабақтары және түрлі бейнероликтер дайындалады.