ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігіне қарасты Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде әйел-қыздар секторы ұйымдастыруымен асыл Пайғамбарымыздың өмірі бойынша сайыс өтті.
Ұстазбен бірге Пайғамбардың өмірбаянын оқып тәмамдаған әйел-қыздар арасында өткен бұл сайыс шәкірттерге жаңа серпін берді. 3 топқа бөлініп білім деңгейін көрсеткен шәкірттер сұрақ-жауап айдарын өткізіп қана қоймай, сирадағы көлемді оқиғаларды баяндап, тіпті сол оқиғаға байланысты аяттарды ашықтап берді. Мешіттің әйел-қыздар секторына жауапты Нарболатқызы Айдана ұстаз сайыс соңында жеңімпаз топты анықтап, марапаттады.