Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітіне дін қызметкерлері тағайындалды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес, Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінің наиб имам қызметіне Тәжбенов Аслан Алиханұлы, молда қызметіне Төремұрат Ғалымұлы тағайындалды.
Тәжбенов Аслан Алиханұлы 2005 жылдың 9-сәуірінде Сәтбаев қаласында дүниеге келген. 2022-2025 жылдар аралығында Алматы қаласы, «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің исламтану факультетін тәмамдаған.
Төремұрат Ғалымұлы 2005 жылдың 9-желтоқсанында Сәтбаев қаласында дүниеге келген. 2021-2025 жылдар аралығында Түркістан облысы, «Сарыағаш» медресе-колледжінің исламтану факультетін тәмамдаған.