ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫНДА САУАТ АШУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Ұлытау облысы, Қаражал қаласында мешіт жанынан жаңа сауат ашу орталығы салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне арнайы облыстың бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы қатысып, жиналған жамағатты құттықтады.

Жалпы аумағы 150 шаршы метр болатын ғимаратта шәкірттердің білім алып, жайлы жағдайда тұруына барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, орталықта асхана, дәретхана, ұстаздарға арналған кабинет, сондай-ақ балалардың жатын орындары бар.

Салтанатты шара барысында облыс имамы орталықтың маңыздылығына тоқталып, бұл бастама жас ұрпақтың діни сауатын арттыруға, рухани тәрбие беруге зор үлес қосатынын атап өтті. Сонымен қатар орталық жұмысына ақ батасын беріп, шәкірттерге сәттілік тіледі.