“Ұлытау” қайырымдылық мекемесінде қасиетті Құран Кәрімнің 30-парасын [Нәбә – Нәс] жаттап шыққан шәкірттерге арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Игі бастамада үздік нәтижеге қол жеткізген шәкірттерге алғыс хаттар табысталып, олардың еңбегі мен табандылығына жоғары баға берілді. Марапатты Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы өзі тапсырып, шәкірттерге жүрекжарды тілегін білдірді.
Марапатталған шәкірттер өз кезегінде ұстаздарына алғыс айтып, Құранды толық жаттауға ниетті екендерін жеткізді. Рухани кеш жылы лебіздер мен дұға-тілектерге ұласып, қорытындыланды.





