Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХV республикалық байқауы мәресіне жетті.
Аталған байқауға Ұлытау облысынан да бірқатар қарилар қатысып, өз бақтарын сынады. Атап айтқанда:
Мәнерлеп оқу бойынша: Каршиев Юсуф Бахромжанұлы; 10 пара бойынша: Мейрамбай Рахымжан Сұлтанбекұлы; 20 пара бойынша: Хакимжанұлы Муслим; 30 пара бойынша Рахматов Ахмад Махмадражабұлы.
Жарыс қорытындысы бойынша Рахматов Ахмад Махмадражабұлы 30 пара бойынша жүлделі II орынға ие болды.
Ұлытау облысының атынан қатысқан барша қариларға алғыс білдіріп, Рахматов Ахмад Махмадражабұлын жүлдесімен құттықтаймыз! Құран жолындағы еңбектеріңізге береке тілейміз!