ҚАРАЖАЛДА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сәйкес Ұлытау облысы, Қаражал қаласында «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы аясында 20 отбасыға азық-түлік себеті таратылды.

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында қасиетті айдың құрметіне және «Зекет және қайырымдылық» қорының жұмысын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы отбасыларға азық-түлік қоржындары табысталды.