«АХМЕТ ИШАН ОРАЗАЙҰЛЫ» МЕШІТІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің қызметкерлері мен мешіт жамағаты сенбілікке шықты.

Ислам – тазалық діні. Мұсылман баласының жан-дүниесі мен тәнін таза ұстағаны секілді өзі тұратын жерді де ұқыпты ұстауы парыз. Бүгінгі шара осыны айғақтайды.

Бас имам Бейбіт Бақытжанұлының бастамасымен мешіт ұжымы құлшылық үйінің маңына сенбілік шарасын жүргізді. Облыстық мешіт ауласының маңы қоқыстан түгелдей тазартылды.