ҚМДБ-НЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ИМАМЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумы аясында бірқатар дін қызметкерлері ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.

Аталмыш марапат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізі қаланғанына 35 жыл толуына орай, ел ішінде дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеп, халыққа діни-ағарту бағытында аянбай қызмет етіп жүрген имам-молдаларға көрсетілген құрметтің белгісі ретінде табысталды.

Салтанатты рәсім барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысы, «Ихсан» мешітінің имамы Бакарамов Амангелді имамға алғыс айтып, ел ішіндегі рухани тұрақтылықты сақтауға, діни сауаттылықты арттыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде Амангелді ақсақал да мүфти хазіретке алғысын білдірді.