«ҚҰРАНҒА ҒАШЫҚ ЖҮРЕКТЕР» КЕШІ ӨТТІ

ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігіне қарасты Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде сауат ашу курсын тәмамдаған шәкірттер марапатталды.

«Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің ұстазы Айдана Нарболатқызы дайындаған 23 шәкіртке сауат ашу курсын сәтті тәмамдағанын айғақтайтын сертификаттар табысталып, тәж кигізу салтанаты өтті. Салтанатты кеште “Құранға ғашық Фатима” атты көрініс қойылды. Құран жайлы монолог оқылып, Құранның ақыреттегі шапағаты жайлы уағыз айтылды.