ҚМДБ қарасты Ұлытау өкілдігі мешіттерінде ұлттық ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
Ұлық мейрам Құрбан айт құрметіне облыстың бірнеше мешіттерінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Қала тұрғындары сайыстарға белсене қатысып, өзара бақ сынасты. Арқан тарту, асық ату, садақ ату, қол күрес, қазақша күрес және қой көтеруден балуандар алдына жан салмады. Спорттық шара жамағат арасында тартысты да қызықты өтті. Жеңімпаздарға қаржылай және бағалы сыйлықтар табысталды. Бұл бастама қаланың бірқатар мешіттерінде жалғасты. Сонымен қатар әр мешітте балаларға базарлық ретінде айт тәттісі таратылды.