ҚҰРБАН АЙТ-2025: ҚҰРБАНДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Осы жылдың 6-8 маусым аралығында елімізде Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Qurban 2025» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Қайырымдылық акциясынан Ұлытау облысы да қалыс қалмады.

Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы айттың алғашқы күні мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі – Қасиетті Құрбан айтпен барша жамағатты құттықтап, айт намазын жүргізді. Айтулы мереке аясында «Зекет және қайырымдылық» қорының Ұлытау облысы бойынша жауапты мамандар арқылы мұқтаж және аз қамтылған отбасыларға құрбандық еттері мен азық-түлік себеттері таратылды. Ұлытау облысы бойынша 220 отбасыға 3432 кг ет үлестірілді.