ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫС ШӘКІРТТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Ұлытау облыстық мешітінің ұйытқысымен Жезқазған медресесінде мектеп балаларына Құран және әдеп дәрістері ұйымдастырылды. Мақсат – қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалану.

1 апталық рухани дәрістер нәтижесінде 40 бала тәлім алып, апта соңында емтихан тапсырды. Емтихан нәтижесі бойынша Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы 32 балаға екі мың теңгеден, 4 балаға төрт мың теңгеден, 3 балаға бес мың теңгеден сыйақы табыстады. Онымен қоса әр шәкіртке сертификат және сыйлықтар таратылды.