«РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ» ДӘРІСТЕРІ ӨТУДЕ

Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде рамазан айына дайындық басталып кетті.

Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлының «Рамазанға дайындық» дәрістер топтамасы өткізілуде. Ораза айы тек қана тамақтан емес, сонымен қатар жүректің барлық дерттерінен тазару айы екенін ұғындыратын дәрістерде біршама тақырыптар қозғалды.