ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі Серікхан Ахмадиев бірнеше мешітте насихат айтты.
Атап айтқанда, ұстаз Серікхан Ахмадиев Жезқазған, Сәтбаев қалалық мешіттерінде кешкілік уағыз-насихат жүргізді. Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде шам намазынан кейін уағыз-насихат қылса, құптан намазынан кейін Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде жалғастырды. Ұстаз қазіргі уақытта актуалды болған тақырыптар бойынша тұшымды ойларымен бөлісті.





