Сәтбаев қаласында Республика күні мерекесіне арналған қала жамағаттары арасындағы үстел теннисінен спорттық турнир өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — тұрғындар арасындағы ауызбіршілікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықты дамыту болды.
Турнир барысында қатысушылар өздерінің жоғары шеберліктерін көрсетіп, жарыс достық пен әділдік рухында өтті. Қатысушылар арасында тартысты ойындар өтіп, үздіктер анықталды.
Турнир нәтижесі бойынша үздіктерді Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің бас имамы Еркебұлан Ермекұлы марапаттады.
I орын — Жүнісбеков Сабыржан
II орын — Аширбаев Азамат
III орын — Аширбаев Алмас
«Үздік ойыншы» атағы — Найманбай Мұратқа берілді.
Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық іс-шаралар қала тұрғындарының ынтымағын нығайтып, салауатты өмір салтын ұстануға серпін береді.


