«РУХАНИ КЕЛІСІМ – БЕЙБІТШІЛІК НЕГІЗІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

18-қазан – «Рухани келісім күні» болып бекітілгелі бері бұл күні әр түрлі дін мен ұлт өкілдерінің жиын жасауы дәстүрге айналған.

Дөңгелек үстелге Сәтбаев қалалық “Балмағамбет Балқыбайұлы” мешітінің бас имамы Еркебұлан Ермекұлы мен “Сәдуақас Ошақұлы” мешітінің бас имамы Сағындық Мұхиденұлы қатысты. Қоғамды ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, тұрақтылық пен келісімді сақтауға және одан әрі дамытуға бағытталған шара қатысушылары ұтымды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салды.