ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Ұлытау облыстық дін істері басқармасының өкілдері кеше Ұлытау облысының имамдарымен кездесу өткізді.

Сәтбаев қаласындағы «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде өткен кездесу барысында АК 62 түзету мекемесінде бірлесе атқарылатын шаралар талқыланды. Облыстағы діни ахуалды тілге тиек еткен басқарма өкілдері салафизм ағымымен күрес жұмыстарын күшейтуді баса айтты. Сондай-ақ, діни қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамдағы зайырлылық қағидалары секілді тақырыптарды да қозғап өтті.