Ұлытау облысының Теректі ауылында жаңа мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Игі шараға облыстың бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты оқиғамен құттықтады.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген бас имам жаңа мешіттің ауыл халқының рухани өмірінде маңызды орын алатынын атап өтті. Сондай-ақ, жамағатты бірлікке, татулыққа және ізгі амалдарға үндеді.
Шара барысында мешіттің ашылуына үлес қосқан азаматтарға алғыс айтылып, ақсақалдар ақ батасын берді. Жиналған жамағат жаңа құлшылық үйінде алғашқы дұғаларын жасап, елдің амандығы мен берекесі үшін тілек тіледі.
Жаңа мешіт – Теректі ауылы тұрғындарының игілігіне қызмет ететін рухани орталық ретінде ел бірлігі мен тәрбиенің, ізгілік пен имандылықтың ордасына айналмақ.