Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің имамдары «Darhan Dala» жобасы аясында өңірдегі тарихи-рухани мұралардың бірі – Жақұда ишан мешітіне арнайы зиярат жасады.
Зиярат барысында имамдар XIX ғасырда бой көтерген тарихи мешіттің өткенімен танысты. Сонымен қатар, қасиетті орында Құран оқылып, еліміздің амандығы мен жұртымыздың бірлігі үшін дұға жасалды. Жақұда ишан мешіті – Ұлытау өңіріндегі көне діни-тарихи ескерткіштердің бірі саналады.