ҰЛЫТАУ АРУЛАРЫ IV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасындағы IV республикалық байқауында Ұлытау арулары облыс намысын қорғады.

«Аллаға сансыз шүкірлер болсын, бүгінде елімізде Құран жаттаушылардың қатары жыл сайын артып келеді. Бұрындары бірнеше пара жаттаған жанға ерекше құрмет көрсетілсе, қазір тұтас Құранды жаттап, тіпті ижаза алған қариларымыздың саны күн санап артуда. Бұрындары ижаза алу үшін шет елдерге барып, үлкен қажыр-қайрат жұмсау керек болса, бүгінде өз елімізде отырып-ақ сол дәрежеге жетуге жағдай жасалды. Бұл – Алланың ерекше нығметі, ел тәуелсіздігінің, тыныштығы мен тұрақтылығының жемісі!» – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Республикалық байқауда қатысушылар Құран Кәрімнің 30, 20, 10 парасын және 5 пара номинациялары бойынша 68 үміткер бақ сынады. Ұлытау облысының намысын 30 пара бойынша Әмина Әлібай, 20 пара бойынша Фатима Бауыржанқызы, 10 пара бойынша Ақмөр Ержанқызы, 5 пара бойынша Айдана Құлмахан қорғап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.