Бүгінгі жұма намазында Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітіне ұстаз тағайындалып, таныстырылды.
Жұма намазында Ұлытау облысының бас имамы жаңа ұстазды халыққа таныстырды. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ұлытау облыстық “Ахмет ишан Оразайұлы” мешітінің ұстазы болып Ауғанбай Нұрлайхан Ерланұлы тағайындалды.
Ауғанбай Нұрлайхан Ерланұлы 1999 жылдың 10-наурызында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында дүниеге келген. Үйленген. 1 баласы бар.