ҰЛЫТАУ ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗДІ

Ұлытау облысында мешіт имамдары жылды қорытындылауға арналған алқалы жиын өткізді. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған “Ислам және отбасы құндылығы жылы” аясында атқарылған жұмыстар жан-жақты талқыланып, әр мешіттің бас имамы өз бағыттары бойынша есеп берді.

Жиын барысында имамдар ҚМДБ бекіткен негізгі төрт бағыт және түрлі секторлар бойынша жыл бойы іске асқан жобалар мен шаралардың нәтижелерін таныстырды. Отбасы құндылықтарын нығайту, діни ағарту ісін жандандыру, қоғаммен байланыс және қайырымдылық бағытында атқарылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталды.

Шара соңында Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы барлық имамдарға белсенді еңбегі мен жауапкершілігі үшін алғыс айтып, алдағы қызметтеріне береке тілеп, жаңа жылға сәттілікпен қадам басуды тіледі.

Жиын өңірдегі діни қызметтің жүйелі дамып келе жатқанын көрсетті.