Ұлытау облысында діни саланың ақпараттық жұмысын дамыту мақсатында имамдарға арналған арнайы семинар өтті. Басқосу “Діни мақала жазуда жасанды интеллект құралдарын қолдану” тақырыбына арналды. Семинарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты ақпарат бөлімінің маманы Ермұрат Назарұлы жүргізді.
Оқыту барысында қатысушыларға жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктері, оларды тиімді әрі дұрыс пайдалану тәсілдері, діни ақпаратты сауатты жеткізу әдістері түсіндірілді. Сондай-ақ діни мазмұндағы мақалаларды әзірлеу кезінде дереккөздермен жұмыс істеу, мәтін сапасын арттыру және аудиторияға дұрыс жеткізу бойынша пайдалы кеңестер берілді.
Жиын соңында Ермұрат Назарұлы қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта да осындай оқыту іс-шаралары жалғасатынын жеткізді. Семинар өңір имамдарының кәсіби біліктілігін арттырып, заманауи технологияларды діни-ағартушылық жұмыста пайдалануға жаңа мүмкіндіктер ашты.



