ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінде кадрлық тағайындау жүзеге асты. Облыстық іс басқарушы қызметіне Бижанов Рауан Қайсарбайұлы тағайындалды.
Аталған тағайындау өңірдегі діни мекемелердің шаруашылық және ұйымдастырушылық жұмыстарын жүйелеуге бағытталған. Іс басқарушы аппаратының қызметі діни қызметтің материалдық жағын қамтамасыз етуге жауап береді.
Атап айтқанда, облыстық іс басқарушы ҚМДБ Ұлытау өкілдігіне қарасты мешіттер мен ғимараттардың материалдық-техникалық базасын нығайту, шаруашылық қызметті қаржылық жоспарлау және бақылау, сондай-ақ мүліктерді есепке алу мен құжаттаманы жүргізу бағытындағы жұмыстарды үйлестіреді.
Жаңа қызметке тағайындалған Рауан Қайсарбайұлына жауапты міндет жүктеліп, өңірдегі діни басқару ісіне оң серпін береді деген сенім білдірілді.

