Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы Сәтбаев қаласындағы қос мешітте тарауық кезінде насихат айтты.
Уағыз барысында бас имам қасиетті айдың мән-маңызына тоқталып, жамағатты бірлікке, сабыр мен тақуалыққа, ізгі амалдарды көбейтуге шақырды. Сонымен қатар, ауызбіршілік пен имандылықты нығайтудың маңыздылығы айтылды.
Жиын соңында жамағат тарауық намазын бір сапта оқып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады. Көшпелі уағыз-насихат алдағы уақытта өңірдегі өзге де елді мекендерде жалғасады.

