Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ұлытау облыстық “Ахмет ишан Оразайұлы” мешітіне және Жаңаарқа аудандық “Наймантай-Байғозы” мешітіне діни қызметкерлер тағайындалды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес, Ұлытау облыстық “Ахмет ишан Оразайұлы” мешітінің ұстаздық қызметіне Абжаппар Махмуд Сәбитұлы, ал Жаңаарқа аудандық “Наймантай-Байғозы” мешітінің имамы болып Әбілда Жанбота Майлыбайұлы тағайындалды.
Абжаппар Махмуд Сәбитұлы 2013-2016 жылдары “Көктөбе” қарилар дайындау курсын, 2017-2021 жылдары “Нұр-Мүбәрак” Египет Ислам мәдениеті университетін, 2023-2024 жылдары “Сығанақи” институтының “иджаза” бөлімін тәмамдаған. 2024-2025 жылдары Орал қалалық “Тулбаев Мухаммед-Гариф” мешітінде және Орал медресе-колледжінде ұстаздық қызмет атқарған.
Әбілда Жанбота Майлыбайұлы 2014-2018 жылдары “Нұр-Мүбәрак” Египет Ислам мәдениеті университетін тәмамдаған. 2019-2025 жылдары аралығында Жаңаарқа аудандық “Наймантай-Байғозы”, “Ғ.Тілеухан”, “Халық” мешіттерінде бірнеше қызметте болған.