ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлымен кездесіп, жаңадан тағайындалған бас имамды таныстырды.
Кездесу барысында келелі әңгіме айтылып, түйткіл мәселелер қозғалды. Облыстағы діни ахуал сөз етіліп, алдағы уақытта облыс әкімдігі мен мешіттері арасында тығыз байланыс болатынына уағдаласты.