ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ұлытау облысының бас имамы болып Бейбіт Жансарин Бақытжанұлы тағайындалды.

Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы бұл уақытқа дейін Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің имамы қызметін атқарды. Жаңадан тағайындалған бас имамды жұма уағызы кезінде өңірдің дін қызметкерлеріне ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы таныстырып, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді. Сондай-ақ діни саладағы еңбегіне муфтият ұжымы атынан алғыс білдірді.