ЖӘЙРЕМ КЕНТІНДЕ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Ұлытау облысы, Жәйрем кентінде 29,30-паралар бойынша мешіт шәкірттері арасында Құран жарысы өтті.

Жүлделі жарыс дін жолында қызмет етіп, көптеген шәкірттер тәрбиелеп шығарған ардақты ұстаз Дархан қажы Асылтайұлын еске алуға арналды. Құран сайысында 15 шәкірт бағын сынап, Құран пысықтығын, тәжуид ережелерін тексерді. Үміткерлердің Құран оқудағы қағидаларды дұрыс сақтауын «Жез медресе» директоры Абдурроһман қари бастаған ұстаздар қадағалады.

Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі 1-орынды Өрісбай Арсен (Ұмра қажылығы), 2-орынды Бақытов Рауан (200 000 тг), 3-орынды Мінажат Ерасыл (100 000 тг) еншіледі.