Әйел-қыздар секторының 10 жылдық мерейтойына орай рухани кеш ұйымдастырылды.
Шара барысында арнайы келген ұстаздар тағылымды уағыз-насихат айтып, әйел затының қоғамдағы орны, отбасы құндылығы, көркем мінез, имандылық және рухани тәрбие тақырыптарын кеңінен қозғады. Өнегелі әңгімелер мен жүрекке жетерлік насихаттар кешке қатысушыларға ой салып, рухани азық болды.
Сонымен қатар кеш барысында әйел-қыздар секторының он жыл көлемінде атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктері баяндалды. Рухани-ағартушылық бағытта белсенді қызмет атқарып жүрген ұстаздардың еңбегі атап өтіліп, оларға алғыс білдірілді.
Шара соңында облыстағы ұстаздарға арнайы Алғыс хаттар табысталып, олардың діни-ағартушылық саладағы еңбегіне құрмет көрсетілді.
Рухани кеш әйел-қыздар арасында имандылықты, отбасы құндылықтарын және көркем мінезді насихаттауға бағытталған тағылымды шара ретінде өтті.