Әйел-қыздар секторының 10 жылдығына орай 8–17 жас аралығындағы қыздар арасында Құран жарысы ұйымдастырылды.

Құран жарысының негізгі мақсаты – жасөспірім қыздардың Құран сүрелерін жаттауына ынталандыру, Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру және діни білімге қызығушылығын қолдау.

Байқау қатысушылардың Құран сүрелерін жатқа айтуы бойынша екі номинацияда өткізілді.

«Нәбә – Нәс» сүрелері бойынша:

1-орын — Мақсұт Амира — 70 000 теңге
2-орын — Мухтар Амира — 50 000 теңге
3-орын — Мухтар Адиля — 30 000 теңге

«Духа – Нәс» сүрелері бойынша:

1-орын — Әуез Айым — 50 000 теңге
2-орын — Мухтар Марьям — 30 000 теңге
3-орын — Бердібекқызы Ақниет — 20 000 теңге

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің Құран сүрелерін жаттау деңгейін көрсетіп, өзара білімдерімен сынға түсті.

Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды құттықтап, барлық қатысушыларға Құранды жаттау мен оқуда табыс тіледі.