Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы облыс әкімі Есет Берікұлы Байкенмен кездесті.

Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал, қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, дәстүрлі дінді насихаттау және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Сонымен қатар, облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан діни-ағартушылық іс-шаралар мен қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту бағытындағы жұмыстар сөз болды.

Кездесу соңында тараптар өңірдің рухани дамуы мен қоғамдағы татулықты сақтауға бағытталған игі бастамаларды бірлесе жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.