Қасиетті Рамазан айында игі істер жалғасын табуда. Осы орайда «Үміт» қайырымдылық қоры мен «Жомарт» кенішінің белсенділері бірлесіп, қарттар үйінде ауызашар дастарқанын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қарттар үйінің тұрғындарына арнайы дастарқан жайылып, Рамазан айының берекесі мен мейірімі жайлы жылы әңгімелер айтылды. Қонақтар үлкендермен сұхбаттасып, олардың хал-жағдайын сұрап, көңілдерін көтеруге тырысты.
Мұндай игі бастамалардың басты мақсаты — қоғамдағы үлкен буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, Рамазан айында мейірімділік пен жанашырлықты арттыру. Қарттар үйінің тұрғындары да ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, елге амандық, береке тіледі.
