Ұлытау облысы имамдарына арналған кезекті танымдық семинар өтті. Семинарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Аманқұлов Хасан Ташайұлы жүргізді.
Кездесу барысында діни білім беру саласындағы өзекті мәселелер, имамдардың біліктілігін арттыру және кадр даярлау бағытындағы жұмыстар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, қазіргі қоғам талаптарына сай діни қызметті жетілдіру, білім мен тәжірибені ұштастыру мәселелері сөз болды.
Семинар барысында Ұлытау облысының имамдары тақырып төңірегінде пікір алмасып, өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.
Мұндай басқосулар діни қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіруге және өңірдегі діни ағарту жұмыстарын жүйелі жүргізуге өз үлесін қосады.