Ұлытау облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған кезекті Республикалық аттестаттау өтті.

Аттестаттаудың басты мақсаты – дін қызметкерлерінің діни білім деңгейін, кәсіби біліктілігін, сондай-ақ атқарып жүрген қызметіне қатысты білім-білігін саралау.

Аталған аттестаттауға арнайы құрылған комиссия мүшелері қатысты. Атап айтқанда:

Асан Әбдіқұлұлы Тлеубердиев – ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі;

Хасан Ташайұлы Аманқұлов – ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі;

Елбек Тасболатұлы Хожамуратов – ҚМДБ РАНТ мүшесі.

Республикалық аттестаттау барысында Ұлытау облысының дін қызметкерлері арнайы талаптар бойынша өз білімдері мен біліктіліктерін сынға салды.

Бұл аттестаттау – дін қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға, олардың білімін жетілдіруге және халыққа сапалы діни қызмет көрсету ісін одан әрі дамытуға бағытталған маңызды шара.