Ұлытау облысы имамдарына арналған «Жаңа мәселелер – көне қағидалар» атты танымдық семинар өтті. Семинарды РАНТ мүшесі Қожамұратов Елбек Тасболатұлы жүргізді.

Кездесу барысында қазіргі қоғамда туындап отырған өзекті діни мәселелер, оларға шариғат қағидалары негізінде жауап беру жолдары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар ғасырлар бойы қалыптасқан исламдық құқықтық қағидалардың бүгінгі заман талаптарына сай қолданылу ерекшеліктері сөз болды.

Семинар барысында имамдар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тақырып төңірегінде өзара пікір алмасты.