Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері Жезқазған қаласында салынып жатқан мешіттің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Атап айтқанда, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Әбдіқұлұлы Тлеубердиев, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы Аманқұлов және ҚМДБ РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы Хожамуратов құрылыс нысанын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрді.
Қонақтарға мешіт құрылысының қазіргі жағдайы, жобаның ерекшеліктері және алдағы жоспарлар туралы ақпарат берілді.
Комиссия мүшелері салынып жатқан мешіттің өңір тұрғындары үшін маңызды рухани орталық болатынын атап өтіп, құрылыс жұмыстарының сәтті аяқталуына тілектестік білдірді.