Жезқазған қаласы "Ахмет ишан Оразайұлы" мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХV Республикалық байқауына Ұлытау облысы бойынша іріктеу сайысы өтті. 


Дәстүрлі түрде өткізілетін сайыстың мақсаты – қасиетті Құранды жаттау мен көркем оқуды насихаттау, қарилардың шеберлігін шыңдау және еліміздегі Құран мәдениетін дамыту.

Байқауға өңірдің қала-аудандарынан келген үміткерлер қатысып, Құранның 10 парасы, 20 парасы, 30 парасы бойынша және мәнерлеп оқу бойынша бақ сынады. Қазылар алқасы қатысушылардың жаттау деңгейі, оқу мәнері, тәжуид талаптарын сақтауына жан-жақты баға берді.


Құранның 30 парасы бойынша:

1 орын - Рахматов Ахмад Махмадраджабович, 2 орын - Абжалов Азамат Аралбайұлы, 3 орын - Зайдов Мухриддин Улуғбекұлы.


Құранның 20 парасы бойынша:

1 орын - Муслим Хакимжанұлы, 2 орын - Дінмұхаммед Жанатұлы.


Құранның 10 парасы бойынша:

1 орын - Мейрамбай Рахымжан, 2 орын - Сейтұлы Омар, 3 орын - Өрісбай Арсен.


Құранды мәнерлеп оқу бойынша:

1 орын - Қаршиев Юсуф. 2 орын - Елжан Асхатұлы. 3 орын - Модалиев Айбек.


Іріктеу қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен қарилар республикалық кезеңге жолдама алып, Ұлытау облысының намысын қорғайтын болады.