Қасиетті жұма күнінде облыстың бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы жаңадан қызметке келген наиб имамды жамағатқа таныстырды. 


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің наиб имамдық қызметіне Дауылбаев Ерлан Шеріұлы тағайындалды. 

Дауылбаев Ерлан Шеріұлы 1994 жылдың 2-қаңтарында Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2011–2015 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, 2018–2025 жылдары Қордай медресесінде, 2026 жыл (сәуір–мамыр) Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында білім алған. Бойдақ.