Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық қоры» корпоративтік қорының Ұлытау облысы өкілдігі «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық жобасы аясында мешіт қызметкері Нұрғалиев Сенбіғали имамның немересі Болат Аңсар Болатұлының еміне 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

Аталған қайырымдылық шарасының басты мақсаты – емге мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, олардың сауығып кетуіне қоғам болып үлес қосу және мұқтаж отбасыларға үміт сыйлау.

Ұлытау облысы өкілдігі қайырымдылық игі іске үлес қосқан барша жомарт жандарға шынайы алғысын білдіреді.

Алла Тағала жасаған садақаларыңызды қабыл етіп, берген ризық-несібелеріңізге береке нәсіп етсін! Жақсылыққа ұйытқы болған барлық азаматтарға Алла разы болсын!