ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ ДӘРІСТЕРІ ӨТТІ

Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде «Рамазанға дайындық» дәрістері өтті.

Қасиетті Рамазан айына дайындық мақсатында қала мешітінде арнайы дәрістер ұйымдастырылды. Дәрістер Абдулла Сироджуддинның «Ас-Сыйям» еңбегі негізінде өткізілді.

Аталған еңбекте оразаның рухани мәні, парыздары мен шарттары, сүннеттері, сондай-ақ ораза ұстаудағы әдептер кеңінен түсіндірілген. Терең мазмұнды туынды мұсылман жамағатына Рамазан айының қадір-қасиетін дұрыс ұғынып, құлшылықты сауатты әрі саналы түрде атқаруға бағыт береді.

Дәрістерді ұстаз Нұрлайхан Ерланұлы жүргізіп, жамағатқа ораза үкімдері мен оның тәрбиелік маңызы жайында жан-жақты насихат айтты. Кездесулер ақпан басында бойы құптан намазынан кейін тұрақты түрде өткізіліп отырды. Әр дәрісте жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзекті мәселелер талқыланды.