СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА АУЫЗАШАР КЕШІ ӨТТІ

Сәтбаев қаласында Рамазан айына орай тағылымды ауызашар іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітіне қарасты әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өтті.

Кеш барысында Райхан ұстаз нәпсіні тәрбиелеу жолдары туралы мазмұнды уағыз айтып, шәкірттерге оразаның рухани мәні жөнінде кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, шәкірттер арасында ораза тақырыбында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.

Іс-шара соңында мешіт жанындағы түрлі тәрбиелік және қоғамдық жұмыстарға атсалысып жүрген шәкірттер марапатталып, олардың еңбегі еленді. Тағылым мен тәрбиені ұштастырған бұл кеш жиналған жамағатқа рухани серпіліс сыйлады.