Жезқазған және Сәтбаев қалаларында Рамазан айы қарсаңында 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Жезқазған және Сәтбаев қалалық мешіттері мен Зекет Қоры ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шара аясында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Қайырымдылық көмектер мұқтаж отбасыларға дер кезінде жеткізіліп, олардың Рамазан айын лайықты қарсы алуына жағдай жасалды.
Рамазан айы – ізгілік пен қайырымдылықтың, мейірім мен жанашырлықтың айы. Бұл кезеңде жасалған әрбір сауапты іс пен берілген садақаның сауабы еселенетіні белгілі. Қоғамдағы өзара қолдау мен бірлікті нығайтуда мұндай игі шаралардың маңызы зор.





