Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ұлытау облысына қарасты мешіттерге имам тағайындалды.
Бүгін Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы Қарсақбай кентінде көшпелі насихат бойынша жұма уағызын айтты. «Қонақ күту мен қонаққа бару әдебі» тақырыбында насихат айтқан соң мешіт жамағатына жаңа қызметкерді таныстырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес, Шадиев Насрулло Қарсақбай кенті “Болман ақын” мешітінің имамы қызметіне тағайындалды. Ал Қаражал қалалық “Нұр” мешітінің ұстаздық қызметіне Тілеухан Болатбекұлы тағайындалды.
Шадиев Насрулло Фатхуллоевич 2002 жылдың 2-тамызында Түркістан облысы, Фирдауси ауылында дүниеге келген. Үйленген, 2 қызы бар.
Төлеубай Тілеухан Болатбекұлы 2000 жылдың 16-маусымында Ұлытау облысы, Қаражал қаласында дүниеге келген. Бойдақ.



